16
март
2026
Мектеп педагог-психологының ұйымдастыруымен орта,жоғары сынып оқушыларымен тренинг
Мектеп педагог-психологының ұйымдастыруымен орта,жоғары сынып оқушыларымен тренингтер,жаттығулар кешені жүргізілді.«Күйзеліс деген не және ол маған қалай әсер етеді?»тақырыбында өткізілген тренингтерде оқушылар күйзеліс туралы түсінігін кеңейтуге және оның белгілерін тануға көмектесті. Оқушылардың өз эмоцияларын түсінуіне,өз эмоцияларын басқара алу дағдыларын меңгеруіне,бір-бірімен пікір алмасуына және психологиялық қолдау сезінуіне мүмкіндік берді. «Мақсат қою және оған жету стратегиялары»тақырбында өткзілген жаттығуда оқушылар,өз мақсаттарын нақтылап, оған жету үшін қажетті әрекеттерді анықтады. Сонымен қатар мүмкін болатын кедергілерді талдап, оларды жеңудің тиімді стратегияларын үйренді.Жаттығу оқушылардың мотивациясын арттырып, өз болашағына жауапкершілікпен қарауына ықпал етті.«Қателік – даму нүктесі»тақырыбында өткізілген жаттығуда оқушылар өз тәжірибелерін талдап, қателіктерден сабақ алу, дұрыс шешім қабылдау және болашақта тиімді стратегия құру дағдыларын меңгерді.