Тоғызқұмалақ күні » КГУ «Общеобразовательная школа №58» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
сентябрь
2023

Тоғызқұмалақ күні

   9 қыркүйек «Тоғызқұмалақ күніне» орай 2000 астам алматылық жоғары сынып оқушылары бір мезетте тоғызқұмалақ ойнап, Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енді. Мұны Қазақстан Гиннес рекордтар кітабының өкілі Қарлығаш Жаппар тіркеді. Ол рекордты бекіту туралы арнайы сертификат берді. 
   Іс-шараны Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Алматы қаласының тоғызқұмалақ зияткерлік қауымдастығы ұйымдастырды. Бүгін Алматы қаласы тоғызқұмалақ зияткерлік ойынының ордасы болып таңдалды. Бұл туралы Дүниежүзілік және Республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Бәйменов хабарлады. 2020 жылы тоғызқұмалақ ЮНЕСКО шешімімен адамзаттың мәдени мұра тізіміне енгізілді.