Қалалық шығармашылық байқаулардағы оқушылар жетістігі
Қалалық шығармашылық байқаулардағы оқушылар жетістігі
Мектебіміздің дарынды оқушылары түрлі бағыттағы қалалық шығармашылық және зияткерлік байқауларға қатысып, өз қабілеттерін жоғары деңгейде дәлелдеп, жүлделі орындарға ие болды. Бұл – олардың талпынысы мен табандылығының, сондай-ақ ұстаздар еңбегінің жемісі.
Ниязбаева Шакира, 9-сынып оқушысы, республикалық «Махамбет оқулары» байқауының қалалық кезеңінде «Ел құтқарар ер едім...» бағыты бойынша Махамбет шығармаларын жатқа оқып, 3-орын иеленді.
Шаимкулова Асель, 9 «Ә» сынып оқушысы, Алматы қаласы Білім басқармасы ұйымдастырған “JasSkills Almaty” кәсіби шеберлік сайысының қалалық кезеңінде үздік нәтиже көрсетіп, 1-орынға ие болды.
Мектебіміздің оқушылар өзін-өзі басқару ұйымының президенті Нурбаева Муслима, Алматы қаласы Білім басқармасы мен “Алматы Дарыны” дарынды балаларды қолдау орталығы ұйымдастырған “Көшбасшылықты дамыту: стратегиялар мен құралдар” атты білім беру интенсиві аясындағы байқаудың қалалық кезеңінде жүлделі 3-орын иеленді.
Оңғар Бағлан, 11-сынып оқушысы, “Алматы дарыны” орталығы ұйымдастырған 8–11 сынып оқушылары арасындағы ⅤІ «Ділмар» республикалық шешендік өнер байқауының қалалық кезеңінде белсенділік танытып, грамотамен марапатталды.
Бұл жетістіктер – білім мен шығармашылықты ұштастыра білген оқушыларымыздың қажырлы еңбегінің көрінісі. Барша жүлдегерлер мен олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерден көріне беруіне тілектеспіз!