Қалалық шығармашылық байқаулардағы оқушылар жетістігі
Қалалық шығармашылық байқаулардағы оқушылар жетістігі Мектебіміздің дарынды оқушылары түрлі бағыттағы қалалық шығармашылық және зияткерлік байқауларға қатысып, өз қабілеттерін жоғары деңгейде дәлелдеп, жүлделі орындарға ие болды. Бұл – олардың талпынысы мен табандылығының, сондай-ақ ұстаздар еңбегінің жемісі. Ниязбаева Шакира, 9-сынып оқушысы, республикалық «Махамбет оқулары» байқауының қалалық кезеңінде «Ел құтқарар ер едім...» бағыты бойынша Махамбет шығармаларын жатқа оқып, 3-орын иеленді.