Пенчак силат спорт түрінен жүлдегер
🎉 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🎉 4 «А» сынып оқушысы Асқарбек Сұлтан Мейірұлы Пенчак силат спорт түрінен 2025 жылдың 10–13 желтоқсан аралығында Ташкент қаласында өткен ТМД Чемпионатында🥉 ІІІ орын иеленіп, жүлделі орынға қол жеткізді. Бұл – табандылықтың, тынымсыз еңбектің және спортқа деген зор сүйіспеншіліктің нәтижесі. Жас спортшымызға алдағы уақытта биік белестерді бағындырып, ел намысын асқақтата беруіне тілектеспіз!🇰🇿🇰🇿🇰🇿 Жеңістеріңіз көп, жетістіктеріңіз мол болсын! Алға, жас чемпион! 💪🇰🇿