1 сынып ата-аналарына арналған кеңестер » КГУ «Общеобразовательная школа №58» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
сентябрь
2023

1 сынып ата-аналарына арналған кеңестер

Құрметті ата-ана!

Бірінші сыныпқа бару – бала өміріндегі ең маңызды әрі ең қиын кезеңдердің бірі. Мектепке барған кезде баланың мінезі өзгеріп, жүйкесіне түсетін психологиялық салмақ ұлғаяды, эмоционалдық-стрестік жағдайға түседі. Психологтардың айтуынша, алғашқы күндерден бастап мектеп ата-ана балаға интеллектуалдық және физикалық күшін жұмылдыруды талап ететін көп міндет жүктейді. Бала артылған міндетті орындай алмағанда қатты мазасызданып, күйзеліске түсуі мүмкін. Ата-ана баланың жеке қабілетін әрқашан ескеріп отырғаны дұрыс.                                                            

    Ата - аналарға ұсыныс:
 1. Баланы жайлап оятыңыз: оянғанда ол сіздің күлімдегеніңізді көріп, еркелеткен дауысыңызды естісін. Таң атпай оны ұсақ - түйекпен асықтырмаңыз, кеше ескерткен болсаңыз да, қателіктері мен жаңсақтықтары үшін кінәламаңыз.

 2. Баланы мектепке таңғы ассыз жібермеңіз: мектептегі тамақтануға дейін оған көп жұмыс істеу керек болады.
 3. Қоштасарда ескерту, ақыл айтыңыз: тентек болма, өзіңді жақсы ұста, бүгін жақсы бағалар болсын және т. б. балаға сәттілік тілеңіз.
 4. БҮГІН ҚАНДАЙ БАҒА АЛДЫҢ деген сөзді ұмытыңыз. Мектептен кейін баланы байыпты қарсы алыңыз, оған көп сұрақтар қоймаңыз, босаңсуға мүмкіндік беріңіз.
 5. Егер балаңыздың ренжулі, бірақ үндемейтінін байқасаңыз, сұрап қинамаңыз, саябырланған соң өзі айтады.
 6. Мұғалімнің ескертуін ести сала, ұрсысуға асықпаңыз, мұғаліммен баланың қатысуынсыз сөйлесуге тырысыңыз.
 7. Мектептен келе балаға сабақ орындауға асықтырмаңыз, күш жинауға 2 - 3 сағат қажет (1 сыныпта 1, 5 сағат ұйықтап алғаны жақсы). Сабақ дайындауға тиімді уақыт - 15 - 17 сағат аралығында.
 8. Бір отырғаннан барлық сабақты орындатпаңыз, 15 - 20 минут сабақтан кейін 10 - 15 минут үзіліс қажет.
 9. Сабақ орындағанда үстінен төніп тұрмаңыз, өзіне жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіз, бірақ сіздің көмегіңіз керек болғанда сабырлық сақтаңыз. Байыпты сөйлеп, қолдау, мақтау қажет.
 10. Баланың бас ауруына, шаршауына, көңіл - күйінің нашарлауына шағымданса, назар салыңыз. Бұл көбінде қажудың, сабақтағы қиналудың басты көрсеткіштері болады.

Ата-ана мен мұғалім балаға көмектесу үшін күнделікті тығыз байланыста болуы тиіс. Бала жарты күнін мектепте өткізеді, кейбір балалар сабақты шапшаң меңгеріп кетеді әрі айналасындағы балаларға да тез үйреніседі. Ал кейбір балаларға бұған біраз уақыт керек. Бала мен ата-ана бейімделу кезеңінен бірге өтуі тиіс.   Егер сіз баланың бойынан мектепке бейімделудің төмен деңгейін байқасаңыз, мұғалімдер мен психологтан көмек сұрап, кеңес алуыңызға болады.