“Тіл білімінің атасы” тақырыбындағы эссе байқауы
2025 жыл 11 - қыркүйекте 9-11 сынып оқушылары арасында “Тіл білімінің атасы” тақырыбындағы эссе байқауы өтті. Байқау қазақ тілінің мәртебесін арттыру, оқушылардың тілге деген қызығушылығын ояту, сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Байқауға мектепішілік кезеңде іріктеуден өткен 9-11 сынып оқушылары қатысты. Қатысушылар эсселерінде Ахмет Байтұрсынұлының тіл біліміндегі рөлі, оның қазақ әліпбиі мен грамматикасына қосқан үлесі, ұлттық сананы