Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Менің балам қандай?» тақырыбында ата-аналар жиналысы
18
сентябрь
2025
«Менің балам қандай?» тақырыбында ата-аналар жиналысы
   18.05.25 жылы 2 "Ә"* сыныбында «Менің балам қандай?» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың мақсаты – ата-аналар мен мұғалім арасында тығыз қарым-қатынас орнату, оқушының мектептегі мінез-құлқы, оқу үлгерімі және қабілеттері жайлы пікір алмасу.Жиналыс барысында әр ата-ана өз баласы туралы көзқарасымен бөлісіп, мұғалім тарапынан баланың сыныптағы тәртібі, қарым-қатынасы, қызығушылығы және үлгерімі жайында мәлімет берілді. Сонымен қатар, оқушылардың жеке ерекшеліктері, үй
“Географиялық білім - еңбек нарығында табыс кілті” тақырыбында тәрбие сағаты
17
сентябрь
2025
“Географиялық білім - еңбек нарығында табыс кілті” тақырыбында тәрбие
  Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы бойынша 17.09.2025ж. күні 10 “А” сыныбына “Географиялық білім - еңбек нарығында табыс кілті” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты - оқушыларға географиялық білімнің қазіргі қоғамдағы, еңбек нарығындағы маңызын түсіндіру.
5–11-сынып оқушылары арасында «АПВ» тақырыбында диктант
17
сентябрь
2025
5–11-сынып оқушылары арасында «АПВ» тақырыбында диктант
17 қыркүйек күні 5–11-сынып оқушылары арасында «АПВ» тақырыбында диктант пен әңгіме өткізілді. Іс-шара адам ағзасына папиллома вирусына қарсы екпенің маңыздылығы туралы оқушылар хабардар  болды . Іс-шараны мектеп медбикесі  А.П Мокешова  өткізді.
Мақал — сөздің мәйегі»* тақырыбында сыныптан тыс сайыс сабағы
16
сентябрь
2025
Мақал — сөздің мәйегі»* тақырыбында сыныптан тыс сайыс сабағы
2 Әсынып оқушыларымен *«Мақал — сөздің мәйегі»* тақырыбында сыныптан тыс сайыс сабағы өткізілді. Сайыстың мақсаты – оқушыларға халық ауыз әдебиетінің бір түрі – мақал-мәтелдер туралы білім беру, олардың мағынасын түсіндіру арқылы тіл байлығын, ой-өрісін кеңейту, ұлттың сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру. Бұл іс-шара оқушылардың тілдік қорын дамытуға, логикалық ойлау қабілеттерін арттыруға және ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауға ықпал етті. Сынып жетекшісі: Жунусханова Д. О.            
“Адалдық “  тақырыбында сынып сағаттары
15
сентябрь
2025
“Адалдық “ тақырыбында сынып сағаттары
№ 58 жалпы білім беретін мектепте 15 қыркүйек күні “Адалдық “  тақырыбында сынып сағаттары өтті.
“Тіл білімінің атасы” тақырыбындағы эссе байқауы
11
сентябрь
2025
“Тіл білімінің атасы” тақырыбындағы эссе байқауы
    2025 жыл 11 - қыркүйекте 9-11 сынып оқушылары арасында “Тіл білімінің атасы” тақырыбындағы эссе байқауы өтті. Байқау қазақ тілінің мәртебесін арттыру, оқушылардың тілге деген қызығушылығын ояту, сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Байқауға мектепішілік кезеңде іріктеуден өткен 9-11 сынып оқушылары қатысты. Қатысушылар эсселерінде Ахмет Байтұрсынұлының тіл біліміндегі рөлі, оның қазақ әліпбиі мен грамматикасына қосқан үлесі, ұлттық сананы
«Тоғызқұмалақ» күніне орай ,қалалық командалық  турнирі
09
сентябрь
2025
«Тоғызқұмалақ» күніне орай ,қалалық командалық турнирі
2025 -2026 оқу жылында  9 қыркүйек «Тоғызқұмалақ» күніне орай ,қалалық командалық  турнирінде , №58 жалпы білім беретін мектептің  9 «А» сынып оқушылары:  Жарқынбек Әйгерім,Берикбол Нұрай , 9 «Ә» сынып оқушысы Умиров Әділжан жүлді I орын иегерлері атанды. Жетекшісі: Касымбеков Самат Аскарович.
«Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбында түсіндірме жұмыстары
09
сентябрь
2025
«Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбында түсіндірме жұмыстары
№ 58 жалпы білім беретін мектепте 9 сынып оқушылар арасында Алимашов Тұрсынбек Серікұлы  кәсіби бағдар беру бойынша «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: Балаларға мамандықтар туралы түсінік беру. Әр мамандықтың өзінің қызығы мен қиындығы болатынын түсіндіру. Болашақта мамандық таңдауға ықпал ету.