Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Менің көңіл-күйімнің түстері» тақырыбында психологиялық тренинг
08
декабрь
2025
«Менің көңіл-күйімнің түстері» тақырыбында психологиялық тренинг
8 желтоқсан күні 3 А, Ә сыныптарымен «Менің көңіл-күйімнің түстері» тақырыбында психологиялық тренинг өтті. Мақсаты: оқушыларға өз сезімдерін тануға, ажыратуға және дұрыс жеткізуге көмектесу, эмоционалды инттеллектті дамыту. Түстер арқылы эмоцияны бейнелеу қабілетін қалыптастыру үшін «Жүрегіңді түстермен толтыр» жаттығуы жасалды.
“АДАЛ ҰСТАЗ” байқауы
08
декабрь
2025
“АДАЛ ҰСТАЗ” байқауы
Ұстаз еңбегі – ұлы жеңіске бастар жол! “АДАЛ ҰСТАЗ” байқауының аудандық кезеңі өз мәресіне жетіп, мектебіміздің абыройын асқақтатқан математика пәні мұғалімі Құралов Ерлан Ақылбекұлы жоғары кәсіби шеберлігі, сабырлы ұстаздық болмысы және ұтымды әдістемелік жұмысы арқылы І орынға ие болды! 🏆 Осы жарқын жеңісімен Ерлан Ақылбекұлы қалалық кезеңге жолдама алып, мектебіміздің мәртебесін тағы да бір биікке көтерді. Ұжым атынан шын жүректен құттықтаймыз! Қалалық кезеңде сәттілік, толағай табыс және
Муайтайдан Әлем чемпионы Серік Али Асылұлын еске алу турниры
08
декабрь
2025
Муайтайдан Әлем чемпионы Серік Али Асылұлын еске алу турниры
Муайтайдан Әлем чемпионы Серік Али Асылұлын еске алуға арналған (06.01.2005–24.12.2024) қалалық турнирде мектебіміздің 9-сынып оқушысы Алимбаев Ахмет үздік өнер көрсетіп, I орын иеленді! Жас спортшымыздың жеңісі — еңбектің, тәртіптің және жанкешті жаттығудың нәтижесі. Ахметке алдағы сайыстарда да тек сәттілік тілейміз!  
«Зейін-2025»ғылыми жоба байқауындағы жеңіс
08
декабрь
2025
«Зейін-2025»ғылыми жоба байқауындағы жеңіс
🏆 III Халықаралық «Зейін-2025» ғылыми жобалар байқауындағы жеңіс! 2025 жылдың 11 қазанында өткен III Халықаралық «Зейін-2025» ғылыми жобалар байқауына 15-тен астам елден 500-ден астам мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысып, өзара бақ сынасты. Осы беделді халықаралық додада мектебіміздің мақтанышы, 5 “А” сынып оқушысы Мухаметджан Айару математика бағыты бойынша үздік нәтижеге қол жеткізіп, I орынды иеленді. Жүзден жүйрік шығып, халықаралық деңгейде іргелі ғылыми жобасын қорғаған Айару
«Республикалық референдум туралы не білуіміз керек?»
08
декабрь
2025
«Республикалық референдум туралы не білуіміз керек?»
«Республикалық референдум туралы не білуіміз керек?» тақырыбында бүгін біріңғай сынып сағаттары өтті. Іс-шара барысында оқушылар референдумның мәні, маңызы, оның ел дамуындағы рөлі туралы жан-жақты ақпарат алды. 
“Адал азамат” бағдарламасы
08
декабрь
2025
“Адал азамат” бағдарламасы
8 желтоқсан күні “Адал азамат” бағдарламасы бойынша 1-11 сыныптар арасында біріңғай сынып сағаттары өтті. Мақсаты:Оқушыларды адал еңбек етуге, табандылық пен жауапкершілікке тәрбиелеу; •Адал еңбектің адам өміріндегі маңызын түсіндіру; •Өз елінің дамуына үлес қосатын, еңбекқор және әділ азамат болуға бағыттау.  
«Алматы – таза қала» бағдарламасы
08
декабрь
2025
«Алматы – таза қала» бағдарламасы
 8 желтоқсан күні «Алматы – таза қала» бағдарламасы аясында сынып сағаттары өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар экологиялық мәдениетті сақтау, қоршаған ортаны таза ұстау және табиғатқа жанашырлықпен қарау туралы білімдерін толықтырды.
“Жеке қауіпсіздік” бағдарламасы
08
декабрь
2025
“Жеке қауіпсіздік” бағдарламасы
 “Жеке қауіпсіздік” бағдарламасы бойынша 1-11 сыныптар арасында біріңғай сынып сағаттары өтті.