«Балалар кітапханасы»
«Балалар кітапханасы» Кітапхана – тек кітап сақталатын орын емес, ой дамитын, жан тынығатын, білім басталатын кеңістік. Әр ашылған кітап – жаңа әлемге жасалған сапар, әр оқылған бет – өзіңді тануға жақындататын қадам. Біз үшін кітапхана – оқушылардың шығармашылығын арттыратын, ой-өрісін кеңейтетін, білімге деген сүйіспеншілікті қалыптастыратын ерекше рухани орта. Мақсаты — балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, білімге құштарлықты қалыптастыру, рухани дүниесін байыту.