10
декабрь
2025
"Білімдегі жаңашылдық: мұғалімдердің авторлық бағдарламаларын қолдау және дамыту" тақырыбында республикалық әдістемелік вебинар
2025 жылы 10 желтоқсанда Алматы қаласы білім басқармасының "№58 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Білімдегі жаңашылдық: мұғалімдердің авторлық бағдарламаларын қолдау және дамыту" тақырыбында республикалық әдістемелік вебинар өткізілді. Әдістемелік вебинардың мақсаты: Мұғалімдердің білім беру үдерісіне енгізіп жүрген авторлық бағдарламаларын қолдау, олардың сапасын жетілдіру, педагогтердің инновациялық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ тиімді авторлық тәжірибелерді аудан көлемінде тарату арқылы білімдегі жаңашылдықты ілгерілету. Вебинарда биылғы авторлық бағдарламаларды құрастырған зерттеуші мұғалімдер мен басшы орынбасары өз жұмыстарын таныстырып, республикалық іс-тәжірибелерін таратты. Вебинарға қатысқан қонақтар алған сезімдері мен пікірлерін ортаға салды. Вебинар соңында қатысушылар әр баяндамашыға жеке QR-код арқылы кіріп, пікірлерін Padlet тақтасына да түсірді.





