Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Ғарыштағы Қазақстан” тақырыбындағы 7Б сынып оқушыларына тәрбие сағаты
14
апрель
2025
“Ғарыштағы Қазақстан” тақырыбындағы 7Б сынып оқушыларына тәрбие сағаты
“Ғарыштағы Қазақстан” тақырыбындағы 7Б сынып оқушыларына тәрбие сағаты өтті. Мақсаты :Оқушылармен ғарыштағы жетістіктер мен қазіргі мәселелер, Оқушылар еркін өз сұрақтарын қою арқылы ғарыштағы әлемге қызуғышылықтары бар екенін білдіртті. Сабақ соңында жарыса сөзжұмбақ шешіп, қызықты жұмбақтардың жауабын тауып оқушылар белсене қатысты.
"Ұлы Жеңістің 80 жылдығы" сурет көрмесі
14
апрель
2025
"Ұлы Жеңістің 80 жылдығы" сурет көрмесі
Сурет көрменін мақсаты —жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
"Қауіпсіз жол" тақырыбында жол ережесі
10
апрель
2025
"Қауіпсіз жол" тақырыбында жол ережесі
      10 сәуір күні  4 "А", 4 "Ә" сынып оқушыларымен "Қауіпсіз жол" тақырыбында жол ережесіне байланысты түсіндірме жұмыстары, көрсетілім сабақтары ұйымдастырылды. Оқушылар жаяу жүргіншілер жолағынан, жол үсті өтпесінен, бағдаршамнан қалай өту керектігі туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар жол ережесін сақтау, өміріңді қауіп - қатерден сақтау екендігін ұғынды.
Батыр бабаларымыздың рухы мәңгі жасасын!
09
апрель
2025
Батыр бабаларымыздың рухы мәңгі жасасын!
        Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – бұл тек өткен тарихты еске алу ғана емес, ұрпақтар сабақтастығын, бейбітшілік пен татулықтың құндылығын дәріптейтін маңызды мерейтой. Баршаңызға бейбіт, қуанышқа толы ғұмыр тілейміз!  Әділ Ахметов атындағы шығармашылық орталығы Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтайды. Батыр бабаларымыздың рухы мәңгі жасасын!               
Жол қауіпсіздігі туралы түсіндірме жұмыстары
04
апрель
2025
Жол қауіпсіздігі туралы түсіндірме жұмыстары
          4 сәуір 2025 жылы Алмалы ауданы ПБ ЖПКБ ЮПБ инспекторы полиция майоры С.К.Кошкимбаевтың қатысуымен мектеп оқушыларына жол қауіпсіздігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл іс-шараның мақсаты - оқушыларды жолда қауіпсіз жүріп-тұру ережелерімен таныстыру, олардың жол қозғалысындағы құқықтары мен міндеттерін түсіндіру және жолдағы қауіптерден сақтандыру.
Тарихи- мәдени  орындарға  саяхат
26
март
2025
Тарихи- мәдени орындарға саяхат
        Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 7”Ә”,7 «Б» сынып жетекшілері   Мангина Ақерке Мараевна мен Абыханова Лиза Рабхатовна оқушылармен бірге көктемгі демалыс уақытында “Арман” кинотеатрына “Жеті гүл” киносын тамашалады.  Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, ата-анаға деген құрмет, отбасындағы сыйластыққа, кішіпейілдікке, елжандылыққа баулу.                             
21 наурыз – Ынтымақ күні
21
март
2025
21 наурыз – Ынтымақ күні
    Ынтымақ күні – еліміздегі барлық ұлттардың ынтымағы мен бірлігін нығайтатын, достастық қарым-қатынасты нығайтатын айтулы күн. Бұл күннің басты мақсаты – жалпы халық арасында бір-біріне деген сый-құрметті арттырып, татулық пен бірлікті насихаттау.
23 наурыз – Тазару күні
20
март
2025
23 наурыз – Тазару күні
    23 наурыз – көктемнің жаңаруымен қатар, тазалыққа, тәртіпке және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ерекше күн. Бұл күні адамдар өз үйлерін, аулаларын, көшелерін және қоғамдық орындарды тазалап, табиғатты аялай білуге шақырылады.
18 наурыз - Ұлттық киім күні
18
март
2025
18 наурыз - Ұлттық киім күні
      Наурызнаманың онкүндігіне сай 18 наурыз - Ұлттық киім күні.   Ұлттық киім - қай ұлттың болмасын салт-дәстүрі мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Оған жай киім ретінде емес, бүтін бір ұлттың бет-бейнесін айқындайтын мұра, сан ғасырлық тарихы бар көркем туынды деп қарауымыз керек. 
Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай эссе байқауы  өтті
13
март
2025
Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай эссе байқауы өтті
        Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай эссе байқауы өткізілді. Мақсаты: Абайдың шығармашылығын оқушыларға үлгі ете отырып, олардың ұлттық құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қадірлеуіне ықпал ету. Оқушылардың сөз өнеріне деген қызығушылығын арттырып, қазақ тілін және әдебиетін тереңірек меңгеріп, ақындық, жазушылық дағдыларын жетілдіріп, өз ойларын әдеби түрде жеткізу қабілетін дамыту.