Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек »
10
январь
2025
«Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек »
         Мектеп психологы Саухымова Шырын Куантаевна  «Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек » атты тақырыбында  сынып жетекшілерге психологиялық тренинг өтті.         Мақсаты: Сынып жетекшілерді жаңашылдыққа инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибиесіне енгізе отырып логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін, ой-қабілетін арттыру, топтасып жұмыс істеу жүйесін  дамыту.
Оқуға құштар мектеп жобасы
10
январь
2025
Оқуға құштар мектеп жобасы
        Оқуға құштар мектеп жобасы аясында өзін-өзі басқару ұйымы «Ана тілім- ардағым» атты  дөңгелек үстел  өткізді.          Мақсаты: Оқушыларды туған тілінің құдіретін сезінуге, ана тілін, ұлтын, Отанын қастерлеуге, қазақ тіліне құрметпен қарауға тәрбиелеу.         Тіл - мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрнісі. Ана тілінің қадір - қасиетін біле - білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды.
"Біртұтас тәрбие"бағдарламасы аясында "Тәуелсіздік және отаншылдық"  айлығы.
24
декабрь
2024
"Біртұтас тәрбие"бағдарламасы аясында "Тәуелсіздік және отаншылдық"
         Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Қазақстан-теңдесі жоқ байлығым» тақырыбынды патриоттың видео челлендж өтті.           Патриоттық челлендж  мектептің желілеріне таратылып, мұғалімдердің, ата-аналардың және оқушылардың қолдауына ие болды.Әр адамның бойында өз Отанына деген құрмет, мақтаныш сезімдерін тудырып, тәуелсіздігімізді бағалай білуге бағыттады.
Бауыржан Момышұлы ескерткішіне гүл шоқтарын қою
24
декабрь
2024
Бауыржан Момышұлы ескерткішіне гүл шоқтарын қою
       Бүгін  24 желтоқсан 2024 жылы Қазақ халқының аты аңызға айналған ұлы, әскери қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туған күніне орай «Жас сарбаз » әскери-патриоттық клубының оқушылары запастағы майор  Е.Ж. Балтабаевтың  жетекшілігімен «28 Панфиловшылар » саябағында Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.        Қаза тапқан жауынгер-батырды қатысушылар бір минут үнсіздікпен еске алды.
«ЖАС ҰЛАН» ЖӘНЕ «ЖАС ҚЫРАН»  ҰЙЫМЫНА ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ІС-ШАРАСЫ
24
декабрь
2024
«ЖАС ҰЛАН» ЖӘНЕ «ЖАС ҚЫРАН» ҰЙЫМЫНА ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ІС-ШАРАСЫ
«ЖАС ҰЛАН» ЖӘНЕ «ЖАС ҚЫРАН»  ҰЙЫМЫНА ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ІС-ШАРАСЫ       23 желтоқсан күні  Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты түрде қабылдау іс-шарасы өтті.          Бүгінгі қабылдау рәсіміне 92 оқушы қатысып, оның ішінде 46 оқушы «Жас Ұлан» ұйымына, 46 оқушы «Жас Қыран» ұйымы қатарына қабылданды.         Ниязбаева Шакира салтанатты жиынды жүргізіп, ұйымның мақсат-міндеттері мен ережелерімен таныстырып, қатысып отырған барша
"Тәуелсіздік-бабалардың ұраны"
12
декабрь
2024
"Тәуелсіздік-бабалардың ұраны"
          3-8 сыныптар аралығында  "Тәуелсіздік-бабалардың ұраны" тақырыбында өзін-өзі басқару ұйымының   ұйымдастыруымен тәуелсіздік күніне арналған мерекелік кеш қорытынды  концерт өткізілді. 
“Ай мен Айша” кітабын оқу сайысы
02
декабрь
2024
“Ай мен Айша” кітабын оқу сайысы
Әділ Ахметов атындағы шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен “Ай мен Айша” кітабын оқу сайысын қорытындыладық📚✅  Кітап желісі бойынша дайындалған тест сұрақтарына 10 қатысушы жауап берді. Нәтижесінде Акрамова Інжу, Қанапия Амина, Алимхан Алина, Нұрбаева Муслима “Үздік оқырман” номинациясына ие болып, ақшалай сертификаттармен марапатталды. Қалған қатысушыларға алғыс хат табысталды
Нашақорлықтың адам өміріндегі зардабы мен зияндылығы
02
декабрь
2024
Нашақорлықтың адам өміріндегі зардабы мен зияндылығы
Сынып сағаттарында “Нашақорлықтың адам өміріндегі зардабы мен зияндылығы” тақырыбында оқушыларға бейнероликтер көрсетілді
Жас сарбаз
02
декабрь
2024
Жас сарбаз
"Жас арбаз" клубының  жетекшісі-Балтабаев Еркебулан Жаксиликович    әскери-патриоттық тәрбие бойынша  түсіндірме жұмыстарын жүргізді.    "Жас Сарбаз" әскери-патриоттық клубының мақсаты өскелең ұрпақтың бойында жоғары патриоттық сезімдер мен адамгершілік қасиеттерді, азаматтық белсенділікті, патриотизмді, рухани-адамгершілік дамуды және Отан алдындағы жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау және әскери-қолданбалы спорт түрлерін танымал ету болып табылады.
“Тіл-асыл ойдың бұлағы” эссе байқауы
29
ноябрь
2024
“Тіл-асыл ойдың бұлағы” эссе байқауы
Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен “Тіл-асыл ойдың бұлағы” тақырыбында 9-10 сынып оқушылары арасында эссе байқауы өтті.