Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Біртұтас тәрбие"бағдарламасы аясында "Тәуелсіздік және отаншылдық "  айлығы
28
октябрь
2024
"Біртұтас тәрбие"бағдарламасы аясында "Тәуелсіздік және отаншылдық "
            «Өнегелі 15 минут» тақырыбында ата-аналардың баласымен тәуелсіздік және отаншылдык туралы 1-11-сыныптар арасында күнделікті 15 минуттық жеке әңгімелесу жұмыстары жүргізілді.
"Біртұтас тәрбие"бағдарламасы аясында "Тәуелсіздік және отаншылдық" айлығы
24
октябрь
2024
"Біртұтас тәрбие"бағдарламасы аясында "Тәуелсіздік және отаншылдық"
                   21-24 қазан күндері 1-4-сынып оқушылар арасында «Қазақстан-жүрегімнің төрінде» қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.                        Көрмеге қатысушылардың жұмыстары өздерінің қиялдары мен өзіндік шығармашылығымен ерекшеленді. Балалардың бойында өз Отанына деген сүйіспеншілік байқалды. Еңбекқорлыққа, ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа үйренді. Қолөнер көрмесіне 4 «Ә», 2 «А», 2 «Ә», 1 «Ә»  сыныптарының оқушылары белсене қатысты. Оқушылар жүлделі орындармен марапатталды.
"Біртұтас тәрбие"бағдарламасы аясында "Тәуелсіздік және отаншылдық" айлығы
23
октябрь
2024
"Біртұтас тәрбие"бағдарламасы аясында "Тәуелсіздік және отаншылдық"
            3 «А» сыныбында Б.Д.Мухаметкулова «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.                Оқушыларда өз елінің тарихы, Ата заңы туралы түсініктер қалыптасты. Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін ажырата білді.              Оқушылар патриот ұғымының не екендігін, яғни патриот-ұлтын сүйетін, өз тарихын , туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан салт-дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір-қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға екендігін білді.
"Біртұтас тәрбие"бағдарламасы аясында "Тәуелсіздік және отаншылдық" айлығы
22
октябрь
2024
"Біртұтас тәрбие"бағдарламасы аясында "Тәуелсіздік және отаншылдық"
           Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.К.Сансызбаева 10 «Ә» сыныбында «Британдық кітапхана» тақырыбында ашық сабақ өткізді.            Сабақ топтық жұмыс, пікірталас түрінде өтті. Оқушылар белсенді қатысып , өз ой-пікірлерін еркін, сауатты түрде жеткізді. Жасанды ителлектіні сабақта пайдалану арқылы оқушылардың білімдерін «Kahoot» платформасы арқылы тексерді. Өзге елмен салыстыра отырып, өз елінің тілі мен тарихына , тәуелсіздігіне бас иіп, өз Отанына деген сүйіспеншілігін тудырып,