Каникул – пайдалы уақыт!
Каникул – пайдалы уақыт! 29.03.2026 жылы 58 жалпы білім беретін мектепте каникул кезінде “Оқитын ұлт” жобасы аясында “Кемел” кітап клубының мүшелері бас қосты. Кездесу барысында оқушылар өздері оқыған кітаптарымен бөлісіп, қызықты ой-пікірлерін ортаға салды. Кітап арқылы ой-өрісті кеңейтіп, рухани дамуға қадам жасаған бұл басқосу ерекше әсерге толы болды. Оқуға деген қызығушылықты арттырып, кітапқа деген сүйіспеншілікті нығайтқан шара жоғары деңгейде өтті.