Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
1 сынып оқушыларымен «Менің сүйікті ісім» тақырыбында психологиялық жаттығу жүргізілді.
12
март
2026
1 сынып оқушыларымен «Менің сүйікті ісім» тақырыбында психологиялық
1 сынып оқушыларымен «Менің сүйікті ісім» тақырыбында психологиялық жаттығу жүргізілді.  Мақсаты: оқушыларды «сүйікті іс», «бос уақыт» ұғымдарымен таныстыру, сурет салу және әңгімелеу арқылы баланың қиялын дамыту.
« Дос болу – өнер», «Достық және жақсы қарым-қатынас» тақырыптарында шағын тренинг жүргізілді.
09
март
2026
« Дос болу – өнер», «Достық және жақсы қарым-қатынас» тақырыптарында
Оқушылар арасындағы булиингтің алдын алу мақсатында 3-4  сынып оқушыларымен « Дос болу – өнер», «Достық және жақсы қарым-қатынас» тақырыптарында шағын тренинг жүргізілді. Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін  сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету. Оқушылардың  көңіл – күйін көтеру, эмпатиясын дамыту, өзіне деген сенімділігін нығайту үшін «Жылы алақан, Ым-ишара» ойыны жүргізіді.
“Эмоциялардың түрлері” тақырыбында шағын тренинг жүргізілді.
05
март
2026
“Эмоциялардың түрлері” тақырыбында шағын тренинг жүргізілді.
4 сыныптармен “Эмоциялардың түрлері” тақырыбында шағын тренинг жүргізілді. Мақсаты: басқа адамның сезімін түсіну, ұжымдағы қарым-қатынасты жақсарту. Эмоциялар пойызы жаттығуы барысында оқушылар эмоциялардың ауысуын денемен сезіне білді.
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери институты ұйымдастырған Ашық есік күні аясында оқушыларымыз тағылымы мол экскурсияға қатысып қайтты.
04
март
2026
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери институты ұйымдастырған Ашық
58 жалпы білім беретін мектептің 10 сынып оқушылары 04 наурыз 2026 жылы Алматы қаласы  Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери институты ұйымдастырған Ашық есік күні аясында оқушыларымыз тағылымы мол экскурсияға қатысып қайтты. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың әскери мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру және әскери оқу орнының тыныс-тіршілігімен таныстыру болды. Экскурсия барысында білім алушылар институт аумағын аралап, оқу корпустарын,
ЖЕҢІСІМІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
04
март
2026
ЖЕҢІСІМІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
ЖЕҢІСІМІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 04.03.2026 ж. С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінде өткен «Ұшқыр ой» атты аудандық пікірсайыс турнирінде мектебіміздің «Феномен» фракциясы жүлделі 🥇 І орынды иеленді! Бұл – жүйелі дайындықтың, табандылық пен бірліктің нәтижесі. Фракция спикерлері: 🔹 Координатор – Қалмырза Жасулан 🔹 Орынбасаров Бекмұрат 🔹 Әрин Ақмаржан Жас зияткерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз биік, жеңістеріңіз көп болсын! ✨
Буллингті алдын алу бойынша «Танысу шеңбері», «Комплименттердің алмасуы», «Менің пікірім маңызды» тақырыптарында мектеп психологының ұйымдастыруымен жаттығулар
04
март
2026
Буллингті алдын алу бойынша «Танысу шеңбері», «Комплименттердің
Білім алушылардың өзіне және басқаға деген сенімділігін арттыру,қарым-қатынасқа еркін түсуіне жағдай жасау,өзара қарым-қатынасты нығайту, өзін-өзі тану және өз ойын еркін жеткізу дағдыларын дамыту, сонымен қатар,ҰБТ алдындағы кедергілерді еңсеру,Суицидті мінез-құлықты және Буллингті алдын алу бойынша «Танысу шеңбері», «Комплименттердің алмасуы», «Менің пікірім маңызды» тақырыптарында мектеп психологының ұйымдастыруымен жаттығулар, тренингтер кешені жүргізілді.Кері байланыс беру барысында
«Мемлекеттік тіл – менің тілім» іс-шарасы аясында
04
март
2026
«Мемлекеттік тіл – менің тілім» іс-шарасы аясында
«Мемлекеттік тіл – менің тілім» іс-шарасы аясында Ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойы қарсаңында №33 балалар кітапханасымен бірлесе отырып әдеби ревю өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталып, оның терең мағыналы жырлары мен өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Жамбыл Жабаевтың шығармалары арқылы ұлттық рух, елге деген сүйіспеншілік, тілге деген құрмет дәріптелді. Кеш барысында қатысушылар ақын мұрасымен тереңірек танысып, оның шығармаларынан рухани
“Көктем аруы – 2026
04
март
2026
“Көктем аруы – 2026
“Көктем аруы – 2026” ✨🌸 58 жалпы білім беретін мектепте 1-сыныптар арасында “Көктем аруы – 2026” атты ерекше әрі әсерлі байқау өтті. Кішкентай бүлдіршіндеріміз көктемнің нәзіктігі мен сұлулығын өз өнерлері арқылы паш етті. Байқау барысында қатысушылар өздерін таныстырып, өнерлерін көрсетіп, сахнада еркін өнер көрсетті. Әрбір аруымыздың жүрек жылуы мен шынайы күлкісі көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. 💐 Бұл шара – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, өзіне деген сенімділігін
9 «Ә» сыныбында сынып жетекшісі Асылбекова С.А.-ның жетекшілігімен тұрмыстық жағдайы төмен отбасыға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
03
март
2026
9 «Ә» сыныбында сынып жетекшісі Асылбекова С.А.-ның жетекшілігімен
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ЖҮРЕКТЕН  9 «Ә» сыныбында сынып жетекшісі Асылбекова С.А.-ның жетекшілігімен тұрмыстық жағдайы төмен отбасыға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Қасиетті Рамазан айында өткен игі шараға оқушылар мен ата-аналар белсенді қатысып, бірлесе отырып қажетті азық-түліктер жинады. Жиналған көмек мұқтаж отбасыға табысталды. Мейірім мен жанашырлық танытқан барша ата-аналар мен оқушыларға алғысымыз шексіз! 🤍 Жақсылық жасау – әр жүректің ісі.
«Көмек» әлеуметтік бағдарламасы аясында оқушыларға қолдау көрсету, мейірім мен жанашырлықты дәріптеу бағытында жұмыстар жүргізілуде.
02
март
2026
«Көмек» әлеуметтік бағдарламасы аясында оқушыларға қолдау көрсету,
58 жалпы білім беретін мектепте «Көмек» әлеуметтік бағдарламасы аясында оқушыларға қолдау көрсету, мейірім мен жанашырлықты дәріптеу бағытында жұмыстар жүргізілуде. Бағдарламаның мақсаты – әр баланың қауіпсіз, жайлы ортада білім алуына жағдай жасау және қажет кезде қол ұшын созу. Бірлік пен жанашырлық бар жерде – үлкен нәтижелерге жетеміз! Жақсылық жасау – жүректен басталады