Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Көктемгі каникул — пайдалы әрі қызықты өтті!
26
март
2026
Көктемгі каникул — пайдалы әрі қызықты өтті!
Көктемгі каникул — пайдалы әрі қызықты өтті! Көктемгі демалыс кезінде 1 «Ә» сынып оқушылары Археологиялық мұражайға саяхат жасап, тарих әлеміне бір сәт бойлады. Оқушылар көне жәдігерлермен танысып, өткен дәуірлердің сырын ұғып, ерекше әсер алды. Мұражайдағы әрбір экспонат балалардың қызығушылығын арттырып, таным көкжиегін кеңейтті. Осындай тәрбиелік мәні зор саяхаттар жас ұрпақтың білімге деген құштарлығын арттырары сөзсіз. Сынып жетекшісі: Нугуманова К.Б 👩‍🏫
Көктемгі каникул кезінде 10 «Ә» сынып оқушылары және сынып жетекшісі: Шабарова Н.Т.-мен бірге “Ерекше” фильмін тамашалады.
26
март
2026
Көктемгі каникул кезінде 10 «Ә» сынып оқушылары және сынып жетекшісі:
Көктемгі каникул кезінде 10 «Ә» сынып оқушылары және сынып жетекшісі: Шабарова Н.Т.-мен бірге “Ерекше” фильмін тамашалады. Бұл туынды – спорттық мелодрама жанрында түсірілген әсерлі фильм. Фильмде ерке, өмірге жеңіл қарайтын жас жігіттің тағдыры баяндалады. Оның өмірі параатлеттермен танысқаннан кейін түбегейлі өзгереді. Достық, түсіністік және қайсарлық арқылы ол өз-өзін қайта тәрбиелеп, өмірдің шынайы құндылықтарын түсіне бастайды. Сонымен қатар, фильм паралимпиадалық спорт түрі – боччаның
MOTOEXPO & EXPOBIKE Kazakhstan халықаралық көрмесіне қатысты
25
март
2026
MOTOEXPO & EXPOBIKE Kazakhstan халықаралық көрмесіне қатысты
9 “А” және 9 «Ә» сынып оқушылары MOTOEXPO & EXPOBIKE Kazakhstan халықаралық көрмесіне қатысып, Алматы қаласындағы колледждермен және мамандық таңдау мүмкіндіктерімен танысты. Экскурсия сынып жетекшілері Асылбекова С.А. және Калиева У.А. Оқушылардың ата-аналары Аманкулова Д. және Елгелдиева Г. К. қатысуымен ұйымдастырылды. Оқушылар сұранысқа ие мамандықтар туралы мәлімет алып, болашақ мамандығын таңдауға бағыт алды.
7 «Ә» сынып оқушылары Ынтымақ күніне орай мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор іс-шара өткізді.
21
март
2026
7 «Ә» сынып оқушылары Ынтымақ күніне орай мазмұнды әрі тәрбиелік мәні
58 жалпы білім беретін мектептің 7 «Ә» сынып оқушылары Ынтымақ күніне орай мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор іс-шара өткізді. 🤝✨ Шара барысында оқушылар бірлік пен достықтың маңызын түсініп, өз өнерлерін көрсетіп, ұйымшылдықтың үлгісін танытты. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақты татулыққа, сыйластыққа тәрбиелеуде ерекше рөл атқарады. Сынып жетекшісі Еркін Назерке Айдинқызына алғыс білдіреміз!
“Өнерлі өрге жүзеді” аудандық өнер байқауында ерекше өнерімен көзге түскен Нұрқабыл Құрманғазыұлы көрермен жүрегінен орын алды.
20
март
2026
“Өнерлі өрге жүзеді” аудандық өнер байқауында ерекше өнерімен көзге
20.03.2026 жылы 🎶 “Өнерлі өрге жүзеді” аудандық өнер байқауында ерекше өнерімен көзге түскен Нұрқабыл Құрманғазыұлы көрермен жүрегінен орын алды. Дарынды өнерпаз байқау барысында:✨ “Иманжүсіптің әні”✨ “Баянауыл” (Жаяу Мұса)әндерін жоғары деңгейде орындап, өзінің вокалдық шеберлігі мен сахналық мәдениетін көрсете білді. Өнерге деген сүйіспеншілігі мен таланты арқылы биік белестерді бағындырып келе жатқан жас өнерпазға алдағы уақытта сәттілік тілейміз! 🌟👏
18 наурыз – Ұлттық спорт күні 🇰🇿
18
март
2026
18 наурыз – Ұлттық спорт күні 🇰🇿
18 наурыз – Ұлттық спорт күні 🇰🇿 Бүгін мектебімізде Ұлттық спорт күніне орай ұлттық ойындар дәріптеліп, оқушылар арасында түрлі сайыстар ұйымдастырылды. Ата-бабамыздан мұра болып қалған асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ сынды ұлттық ойындар арқылы оқушыларымыз шапшаңдық, ептілік және бірлік қасиеттерін көрсетті. Осындай тағылымы мол іс-шаралар өскелең ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға баулиды. Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан
ТАЗАРУ КҮНІ – ТАЗАЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ!
18
март
2026
ТАЗАРУ КҮНІ – ТАЗАЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ!
ТАЗАРУ КҮНІ – ТАЗАЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ! 58 жалпы білім беретін мектептің 9 «А» және 9 «Ә» сынып оқушылары Тазару күніне орай мектеп ауласын тазалап, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.  Тазалық – әр адамның ішкі мәдениетінің айнасы. Оқушылар бірлесе еңбек етіп, ауламызды көркейтіп, табиғатқа деген жанашырлықтарын көрсетті.  Осындай игі бастамалар арқылы өскелең ұрпаққа үлгі боларлық іс атқарылды. Барша қатысқан оқушыларға алғыс білдіреміз!
Шаңырақ күні - ұлттық құндылықтар мен отбасы ынтымағының мерекесі.
17
март
2026
Шаңырақ күні - ұлттық құндылықтар мен отбасы ынтымағының мерекесі.
Шаңырақ күні - ұлттық құндылықтар мен отбасы ынтымағының мерекесі. Наурыз мейрамы қарсаңында  2 А сыныбында Шаңырақ күніне  орай тағылымы мол шара  өтті . Бұл ерекше күн – тек отбасы жылуын сезіндіру ғана емес, сонымен қатар ұлттық құндылықтарды дәріптеудің жарқын көрінісі болды.Оқушылар өз отбасы туралы сыр шертіп, отбасындағы ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар жайлы ой бөлісіп, Ұлттық нақыштағы шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Бабадан қалған асыл мұра - – үлкенге құрмет, кішіге ізет, бірлік пен
“Күй күмбірі” республикалық домбырашылар челленджі — ұлттық өнеріміздің ұлықталған ерекше күні болды!
17
март
2026
“Күй күмбірі” республикалық домбырашылар челленджі — ұлттық
17 наурыз күні Almaty Arena алаңында өткен “Күй күмбірі” республикалық домбырашылар челленджі — ұлттық өнеріміздің ұлықталған ерекше күні болды! 🎶 Ауқымды шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 11 500 оқушы қатысып, күй өнерінің құдіретін бір сәтте бірігіп паш етті. 🏫 Осы бір тарихи сәттен 58 жалпы білім беретін мектеп ұжымы да тыс қалмай, белсенді түрде атсалысып, ұлттық рухты асқақтатуға өз үлесін қосты. 🇰🇿 Домбыраның күмбірлеген үні — халқымыздың жаны, рухы, тарихы. Осындай тағылымды шаралар
Қарттарымыз аман болып, әрдайым ақ батасын беріп жүре берсін!
17
март
2026
Қарттарымыз аман болып, әрдайым ақ батасын беріп жүре берсін!
58 жалпы білім беретін мектептің мектеп парламенті мүшелері қайырымдылық ісіне атсалысып, Қайырымдылық қоры арқылы қарттар үйіне азық-түлік апарып, үлкендерге құрмет көрсетті. Бұл игі іс – мейірімділік пен адамгершіліктің жарқын көрінісі. Осындай сауапты іске белсене қатысып, қамқорлық танытқан 9 «А» және 9 «Ә» сынып оқушыларына ерекше алғыс білдіреміз. Жас ұрпақтың жүрегіндегі мейірім мен жанашырлық – қоғамымыздың болашағының жарқын екенін көрсетеді. Қарттарымыз аман болып, әрдайым ақ батасын