Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери институты ұйымдастырған Ашық есік күні аясында оқушыларымыз тағылымы мол экскурсияға қатысып қайтты.
04
март
2026

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери институты ұйымдастырған Ашық есік күні аясында оқушыларымыз тағылымы мол экскурсияға қатысып қайтты.

58 жалпы білім беретін мектептің 10 сынып оқушылары 04 наурыз 2026 жылы Алматы қаласы  Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери институты ұйымдастырған Ашық есік күні аясында оқушыларымыз тағылымы мол экскурсияға қатысып қайтты. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың әскери мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру және әскери оқу орнының тыныс-тіршілігімен таныстыру болды.
Экскурсия барысында білім алушылар институт аумағын аралап, оқу корпустарын, жаттығу алаңдарын көрді. Әсіресе музей бөлімі оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Мұнда олар тарихи құнды жәдігерлермен, түрлі кезеңдерде қолданылған қару-жарақ түрлерімен, әскери киім үлгілерімен және батыр тұлғалар туралы деректермен танысты. Әр экспонат ел тарихының бір белесін айқындап, ерлік пен елдіктің айғағындай әсер қалдырды.
Сондай-ақ, мамандар тарапынан әскери білім беру жүйесі, курсанттардың күн тәртібі мен оқу үдерісі жайлы мазмұнды мәліметтер берілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып,