18
февраль
2026
Қорғаныс істер жөніндегі басқармасында АӘжТД мұғалімдерімен кездесу өтті.
Алматы қаласы Алмалы ауданы Қорғаныс істер жөніндегі басқармасында АӘжТД мұғалімдерімен кездесу өтті.
Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары - подполковник Утегенов Оралхан Абдиманапович алғашқы әскери дайындық (АӘД) пәні мұғалімдерімен арнайы жиын өткізді.
Кездесу барысында білім беру ұйымдарында әскери патриоттық тәрбиені күшейту, оқушылардың Отан алдындағы жауапкершілігін арттыру және АӘД пәнін оқытудың сапасын жетілдіру мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, жастарды әскери қызметке даярлау, тәртіп пен жауапкершілікке баулу бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылды.
Подполковник өз сөзінде ұстаздардың жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудегі рөлі айрықша екенін атап өтті. Қорғаныс істері жөніндегі департамент пен білім беру ұйымдары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту маңызды екенін жеткізді.
Жиын барысында мұғалімдер өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, тәжірибе алмасты. Кездесу қорытындысында алдағы бірлескен іс-шаралар жоспары айқындалып, нақты міндеттер белгіленді