«Бала үні»: дарынды оқушылармен кездесу. Жас спортшы Айгерімге құрмет көрсетілді!
⚡️«Бала үні»: дарынды оқушылармен ерекше кездесу
⠀
✅ Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова білім, ғылым, өнер мен спортта үздік жетістіктерге жеткен жас таланттармен жүздесті.
⠀
🌍 Хьюстон, Бейжің, Мәскеу, Ташкент сынды әлемнің ірі қалаларында Қазақстан намысын абыроймен қорғаған олимпиада жеңімпаздары, жас өнертапқыштар мен спортшылар, шығармашылық бағытта жетістікке жеткен жастар – бәрі де осы маңызды кездесуде бас қосты.
⠀
💬 «Сіздер – Алматының зияткерлік әлеуетісіздер. Біз әрқайсыңызбен мақтанамыз. Сіздердің бүгінгі жетістіктеріңіз – ертеңгі күні ел тірегі болмақ. Бұл тек сіздердің ғана емес, ата-аналарыңыз бен ұстаздарыңыздың да еңбегі. Ал, біз сіздерге жайлы жағдай жасауды әрі қарай жалғастыра береміз. Жұмыс барысында сіздердің ұсыныстарыңызды міндетті түрде елеп-ескеретін боламыз. Келе жатқан мерекелеріңіз құтты болсын! Жазғы демалыстарыңыз жақсы өтсін!», – деді қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.
⠀
🌟 Кездесуде балалар өз жобаларын таныстырып, білім мен ғылымға қатысты ұсыныстарын еркін түрде ортаға салды.
⠀
🏅 Осы ерекше шараға мектебіміздің мақтанышы, жас спортшы Жарқынбек Айгерім де қатысты. Ол тек спорттағы жетістіктерімен ғана емес, белсенділігімен және болашаққа деген сенімді көзқарасымен де көпшілік назарын аударды.
⠀
🎉 Кездесу барысында Жарқынбек Айгерім қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың қолынан арнайы алғыс хатпен марапатталды. Бұл – Айгерімнің қажырлы еңбегі мен табысты жетістіктерінің лайықты бағаланғанының дәлелі.
⠀
👏 Мұндай кездесулер жас ұрпаққа шабыт сыйлап, оларды жаңа белестерге жетелейтіні сөзсіз. Жас таланттардың жарқын болашағына сенім мол!



