26
февраль
2026
Асқарбек Қабыкенұлымен кездесу өтті.
2026 жылғы 24 ақпанда Алмалы ауданының №58 ЖББ мектебінде «Орта білім беру сапасын ғылыми-практикалық негізінде арттыру» бағдарламасының тұжырымдамасын іске асыру аясында Асқарбек Қабыкенұлымен кездесу өтті.
Кездесу барысында мектептің жылдық жоспарының орындалу барысы талқыланып, педагогикалық ұжым мен аудандық әдіскер арасында өзара ақылдасу, пікір алмасу ұйымдастырылды. Білім беру үдерісіндегі өзекті мәселелер қозғалып, оқу сапасын арттырудың тиімді жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, мектебімізде ақылдасу сабақтарының жүйелі түрде өткізіліп жатқаны және оның мұғалімдердің кәсіби дамуына оң әсер етіп отырғаны атап өтілді.
Іс-шара аясында Асқарбек Қабыкенұлы 2 «А» сыныбында математика пәнінен өткен ашық сабаққа қатысты. Пән мұғалімі Р. Смажанованың сабағы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқыту әдістерінің тиімділігі, оқушылардың белсенділігі мен пәнге қызығушылығы ерекше байқалды. Асқарбек Қабыкенұлы сабақтың құрылымына, білім беру тәсілдеріне оң бағасын беріп, мұғалімге және оқушыларға алғысын білдірді.