Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қорғаныс  істер жөніндегі  басқармасында АӘжТД мұғалімдерімен кездесу өтті.
18
февраль
2026
Қорғаныс істер жөніндегі басқармасында АӘжТД мұғалімдерімен кездесу
Алматы қаласы Алмалы ауданы Қорғаныс  істер жөніндегі  басқармасында АӘжТД мұғалімдерімен кездесу өтті.  Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары - подполковник Утегенов Оралхан Абдиманапович алғашқы әскери дайындық (АӘД) пәні мұғалімдерімен арнайы жиын өткізді.  Кездесу барысында білім беру ұйымдарында әскери патриоттық тәрбиені күшейту, оқушылардың Отан алдындағы жауапкершілігін арттыру және АӘД пәнін оқытудың сапасын жетілдіру мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар,
4 «Ә» сынып оқушыларымен дүниетану пәнінен «Менің өлкемнің ауылшаруашылығы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
18
февраль
2026
4 «Ә» сынып оқушыларымен дүниетану пәнінен «Менің өлкемнің
Бастауыш әдістеме бірлестігінің онкүндігі аясында 4 «Ә» сынып оқушыларымен дүниетану пәнінен «Менің өлкемнің ауылшаруашылығы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар туған өлкенің ауылшаруашылық саласының маңызын түсініп, егіншілік пен мал шаруашылығының ерекшеліктерімен танысты. Түрлі тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытып, топпен жұмыс жасап, өз ойларын еркін жеткізе білді. Сабақ өте әсерлі әрі танымды өтті. 🌾📚 Сынып жетекшісі: Қазым Эльназ Қырықбайқызы
«Таза қала» бағдарламасы аясында 58 жалпы білім беретін мектепте жүзеге асырылып жатқан GreenForeCast жобасы жалғасын табуда
18
февраль
2026
«Таза қала» бағдарламасы аясында 58 жалпы білім беретін мектепте
Алматы қаласының «Таза қала» бағдарламасы аясында 58 жалпы білім беретін мектепте жүзеге асырылып жатқан GreenForeCast жобасы жалғасын табуда 🌱 Бұл жолы эстафетаны 8 «Ә» сынып оқушылары қабылдап, мектеп ауласын көркейтуге өз үлестерін қосты. Оқушылар гүл отырғызып, табиғатты аялаудың маңыздылығын көрсетті. 🌼 Әрбір отырғызылған гүл – таза болашаққа жасалған қадам! 🌍 Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың міндетіміз! 8 «Ә» сыныбының белсенділігі мен ұйымшылдығы – нағыз үлгі! Осындай игі бастамалар
Кездесуге шақырамыз!🇰🇿
18
февраль
2026
Кездесуге шақырамыз!🇰🇿
Кездесуге шақырамыз!🇰🇿 Әділ Ахметов атындағы шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен Ауған соғысы ардагерлерімен «Жауынгер жолы- ерлік жолы» атты мазмұнды сұхбат өтеді. Бұл жүздесу- батырлардың өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, ерлік пен жауапкершіліктің мәнін терең ұғынуға арналған тағылым алаңы. 📆 19 ақпан 2025 жыл ⏰ 15:00 📍 «Жауынгер» қоғамдық бірлестігі (Алматы қ., Жандосова 150/2) Ерлікке құрмет білдіріп, рухани әсер алуға асығыңыздар!
Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің «Жауынгер» қоғамдық бірлестігіне арнайы барып қайтты.
18
февраль
2026
Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің «Жауынгер» қоғамдық
Әділ Ахметов атындағы шығармашылық орталығының жеьекшілері күні кеше Алматы қаласында Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің «Жауынгер» қоғамдық бірлестігіне арнайы барып қайтты. Кездесу барысында бірлестік мүшелерімен алдағы тағылымды кездесулер мен мазмұнды іс-шаралардың жоспары талқыланды. Ардагерлердің әсерлі әңгімелері мен өмірден түйген сырлы сұхбаттары жүрекке ерекше жылулық сыйлады. Бұл жүздесу – ерлік пен елдік рухты ұлықтап, жас ұрпаққа өнеге болатын игі бастамалардың бірі.
GreenForeCast гүл өсіру жобасы 🌿
17
февраль
2026
GreenForeCast гүл өсіру жобасы 🌿
GreenForeCast гүл өсіру жобасы 🌿 58 жалпы білім беретін мектепте “GreenForeCast” жобасы аясында 6 «А» сынып оқушылары Аэлита гүлін отырғызу жұмыстарын жүргізді 🌸 Оқушылар топырақ дайындап, тұқым сеуіп, гүлге дұрыс күтім жасау жолдарын тәжірибе арқылы меңгерді. Әрбір егілген тұқым – еңбек пен жауапкершіліктің, табиғатқа деген сүйіспеншіліктің белгісі 🌱 Аэлита гүлі – нәзіктіктің, сұлулықтың символы. Ал оны өз қолымен өсіру – үлкен мақтаныш! 🌍 Табиғатты аялау – болашаққа жасалған қадам!
“GreenForeCast” жобасы аясында 6 «Ә» сынып оқушылары гүл отырғызу жұмыстарын бастап кетті!
16
февраль
2026
“GreenForeCast” жобасы аясында 6 «Ә» сынып оқушылары гүл отырғызу
58 жалпы білім беретін мектепте “GreenForeCast” жобасы аясында 6 «Ә» сынып оқушылары гүл отырғызу жұмыстарын бастап кетті! Бұл жоба – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді. Әрбір отырғызылған гүл – таза ауа мен әсем мектеп ауласына қосылған үлес  Оқушылар топырақ дайындап, тұқым сеуіп, гүлдерге күтім жасау жолдарын тәжірибе жүзінде үйренді. Бірлікпен атқарылған еңбек – үлкен нәтиженің бастауы!   Табиғатты аялау – әрқайсымыздың
2 Ә сыныбында «Жыл алыбы– Жамбыл ата» атты сыныптан тыс іс –шара өтті.
16
февраль
2026
2 Ә сыныбында «Жыл алыбы– Жамбыл ата» атты сыныптан тыс іс –шара өтті.
«Бастауыш – болашақтың баспалдағы» атты бастауыш сыныптар онкүндігі аясында Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай 2 Ә сыныбында «Жыл алыбы– Жамбыл ата» атты сыныптан тыс іс –шара өтті. Ұлы ақын, жыршы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын дәріптеу, оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын дамыту және поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар жыршының өлеңдерін оқып, өмірбаяны бойынша бейнефильмдер көрсетіліп, мұражайына онлайн саяхат жасады.
“Бастауыш – болашақтың баспалдағы”
16
февраль
2026
“Бастауыш – болашақтың баспалдағы”
“Бастауыш – болашақтың баспалдағы” ✨ 58 жалпы білім беретін мектепте бастауыш әдістеме бірлестігінің онкүндігі аясында мазмұнды әрі тағылымы мол іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында зияткерлік ойындар, шығармашылық жұмыстар мен тәрбиелік шаралар ұйымдастырылып, оқушылардың білімге деген қызығушылығы мен белсенділігі артты.  Іс-шараға жетекшілік еткен ұстаздар: 🔹 4 “Ә” сынып – Қазым Эльназ Қырықбайқызы 🔹 3 “А” сынып – Нуржауова Айдана Қайратқызы 🔹 2 “Ә” сынып – Жунусханова Динара Оралтаевна 🔹 1
Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 37 жыл толуына орай
14
февраль
2026
Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 37 жыл толуына орай
Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 37 жыл толуына орай13.02.2026 жылы №6 Оқушылар үйінде ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға #58 жалпы білім беретін мектептің  10 сынып оқушылары қатысып, тағылымды кештің куәсі болып қайтты. Іс-шара барысында оқушылар ардагерлермен кездесіп, тарихи деректермен танысып, патриоттық бағыттағы концерттік бағдарламаны тамашалады. Кеш жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен ел тарихына құрмет сезімін арттыруға бағытталды.