Алматы қаласы Білім басқармасының
«№58 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-97-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-97-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Алматы – таза қала» бағдарламасы
08
декабрь
2025
«Алматы – таза қала» бағдарламасы
 8 желтоқсан күні «Алматы – таза қала» бағдарламасы аясында сынып сағаттары өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар экологиялық мәдениетті сақтау, қоршаған ортаны таза ұстау және табиғатқа жанашырлықпен қарау туралы білімдерін толықтырды.
“Жеке қауіпсіздік” бағдарламасы
08
декабрь
2025
“Жеке қауіпсіздік” бағдарламасы
 “Жеке қауіпсіздік” бағдарламасы бойынша 1-11 сыныптар арасында біріңғай сынып сағаттары өтті.
8-сынып оқушыларымен сейсмикалық жаттығу сәтті
05
декабрь
2025
8-сынып оқушыларымен сейсмикалық жаттығу сәтті
8-сынып оқушыларымен сейсмикалық жаттығу сәтті өткізілді. Дабыл жүйесі қосылған сәтте оқушылар төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету тәртібін пысықтады. *Жаттығу барысында:* - Оқушылар сабырмен әрекет етті; - Үстел астына немесе қауіпсіз орынға жасырынды; - Мұғалімнің нұсқауын тыңдап, эвакуация тәртібімен қауіпсіз жерге шықты; - Бекітілген жинау орнына барып, толық есеп жүргізілді. Мақсат – жер сілкінісі кезінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жылдам әрекет ету машығын қалыптастыру.
“Бірлігі күшті ел озады” тақырыбында  өзін-өзі басқару ұйымы
05
декабрь
2025
“Бірлігі күшті ел озады” тақырыбында өзін-өзі басқару ұйымы
Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен “Бірлігі күшті ел озады”тақырыбында  ұстаздар мен оқушыларға сұрақ қойып,апта дәйек сөздерін дәріптеді.  Мақсаты : Әр адамның бойында өз Отанына деген құрмет, мақтаныш сезімдерін тудырып, тәуелсіздігімізді бағалай білуге бағыттады.
«Жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл тәртібі»*
03
декабрь
2025
«Жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл тәртібі»*
«Жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл тәртібі»* тақырыбында сейсмикалық жаттығу өткізілді.  Іс-шараның мақсаты – төтенше жағдай кезінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шұғыл әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.  Жаттығу барысында оқушылар эвакуация ережелерімен, алғашқы қауіпсіздік қадамдарымен танысып, теориялық және практикалық білімдерін бекітті.
“Құқықтық білім беру” тақырыбында тәрбие сағаты
01
декабрь
2025
“Құқықтық білім беру” тақырыбында тәрбие сағаты
“Құқықтық білім беру”  тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды.  Сабақ барысында оқушылар өз құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат алды, күнделікті өмірде заң талаптарын сақтау, жауапкершілікпен әрекет ету, азаматтық ұстанымды қалыптастыру мәселелері талқыланды.
"КӨМЕК" бағдарламасы
01
декабрь
2025
"КӨМЕК" бағдарламасы
    1-11 сынып оқушыларымен "КӨМЕК" бағдарламасы аясында  сынып сағаттары өтті. Мақсаты: оқушыларға рухани құндылықтар, әділдік пен адалдық туралы түсінік беру. Қоршаған ортада орны мен маңызын түсіндіру, балалардың бойына өмірлік ұстаным ретінде қолдана білуіне ықпал етіп, балаларды адалдыққа, қамқорлыққа, әділдікке деген көзқарастарын қалыптастыру.    
Қауіпсіздік сабақтары
01
декабрь
2025
Қауіпсіздік сабақтары
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 1-11 сыныптарда қауіпсіздік сабақтары өткізілді.     Сабақтың мақсаты — оқушылардың күнделікті өмірде, көшеде, мектепте және төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, жазатайым оқиғалар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу.
"Табиғатқа қамқорлық жасаймыз” тақырыбында тәрбие сағаты
01
декабрь
2025
"Табиғатқа қамқорлық жасаймыз” тақырыбында тәрбие сағаты
   “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 1-11 сыныптарда “Табиғатқа қамқорлық жасаймыз” тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. М ақсаты: Табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсіндіру.Экологиялық сана қалыптастыру және табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу.Оқушылардың өздерін табиғат қорғаушысы ретінде сезінуге ынталандыру. 
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы
01
декабрь
2025
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша Республика күніне орай  8 «Ә» сыныбында «Отанды қорғау иманнан» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.  Мақсаты: Қазақ халқының тарихы мен дәстүріндегі Отан қорғау идеясының терең мағынасын, оның діни сеніммен және ұлттық рухпен байланысын қарастыра отырып оқушыларды елжандылыққа,  адамгершілікке, ізгілікке баули отырып өз елінің патриотты азаматы болуға тәрбиелеу.